Білім

Жас ғалымдар жетістігі

Астана медицина университетінде «Ғылым және жастар: ашылулар мен перспективалар» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтіп, оған 450-ден астам жас қызығушылық танытты.

Аталмыш конференция жас ғалымдар арасында ғылыми-ақпараттық алмасуды жүзеге асыру, оларды перспективалық ғылыми зерттеулерге тарту, жас ғалымдар мен студенттердің медициналық практиканы одан әрі жетілдіруге және инновациялық технологияларды енгізуге бағытталды.

Конференция жұмысына университеттің студенттері, резиденттері, магистранттары, докторанттарынан бөлек, Өзбекстанның және Беларусьтің жас ғалымдары қатысып, барлығы 450-ден астам қатысушы  түрлі тақырыпта баяндама оқыды. Ақтөбе, Семей, Қарағанды қалаларының студенттерінен бөлек, мектеп оқушылары да болды.

Конференция барысында университеттің жас ғалымдары арасында өткізілген «Жас Дарын» байқауының жүлдегерлері салтанатты түрде марапатталды.

 

Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button