Ел тынысы

«JANA BELES FEST 2024»

Қазақстан халқының Бірлігі күні қарсаңында Бейбітшілік және келісім сарайында «JANA BELES FEST 2024» шығармашылық жастар фестивалінің салтанатты жабылуы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Іс-шараны «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Шығармашылық жастар фестиваліне 20 колледждің оқушылары қатысты. Іс-шараға 1300-ге жуық студент жиналды.
«Біз үздік қатысушыларды анықтап, техника дүкенінен алғыс хаттар, кубоктар мен сертификаттар табыстадық. Байқауға іріктеу кезең-кезеңімен өтті. Алдымен колледж комиссиясы ең жақсы қатысушыны таңдап, оны байқаудың қалалық кезеңіне жібереді. Қалалық кезеңде қаланың барлық колледждерінің оқушылары арасынан үздіктер таңдалады», – деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Арайлым Сапаралы.
Фестиваль елорданың 20 колледжінен 700-ге жуық талантты қатысушыларды жинап, 7 номинация бойынша өтті.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button