Ел тынысы

«Senat Open» шахмат турнирі бастау алды

Биыл Қазақстанда жергілікті өкілді органдар – мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» 1993 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен өкілді және атқарушы билік органдарының өкілеттіктері бөлінді. Халық кеңестерінің депутаттары мәслихаттар-депутаттар жиналыстары болып қайта құрылды. 1994 жылдан бастап мәслихаттар өз жұмысын бастады. Дәл сол кезден бастап Егемен Қазақстанның өкілді билік органдарының қызметі есептеліп келеді.

Осы атаулы датаға орай Астана қаласында Қазақстан шахмат федерациясының Президенті Тимур Турловпен бірге тарихта алғаш рет «Senat Open» шахмат турнирі бастау алды.

Кубокты өткізудің бастамашысы Сенат төрағасы – Мәулен Әшімбаев.

Қатысушылардың қатарында барлық мәслихат сайланымдарының депутаттары, қоғамдық кеңестің мүшелері, БАҚ өкілдері бар.

19 мамырда аяқталатын іріктеу турнирлері бүкіл ел бойынша өтеді.

Елордамыздан ең мықты шахматшылардың қатарына ену үшін 100-ден астам адам таласады, оның 20-ға жуығы VIII-сайланымдардың депутаттары.

Жартылай финал 7 маусымнан 9 тамызға дейін өтеді, ал финал 29 тамызда Астанада өтеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button