Елорда тынысы

Аналар мерекесін атап өтті

Елорданың Есіл ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қала кәсіпкерлерінің демеушілігімен Аналар күні мерекесі атап өтілді. Жиында аналар мерекесінің мән-маңызы әңгіме өзегіне айналды, декп хабарлайды astana-akshamy.kz .  

Орталық қызметкерлері «Батыр ана», «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне құрмет көрсетіп, олардың ұрпақ тәрбиесі мен ұлт болашағына қосқан үлесін атап өтті. Мерекелік іс-шара «Аналар әлемі» атты сурет көрмесімен ашылды. Жиналғандарға «Қолөнер-тоқыма» атты шеберлік сабағы өткізілді.

Орталықтың көркемөнерпаздары даярлаған концертте шырқалған барлық әндер ана тақырыбына арналды. Қала зейнеткерлерінен құралған «Асыл мұра» домбырашылар оркестрі, «Ветераны» хоры мен «Сағыныш сазы»  ансамблі, басқа да өнерпаздар өнерлерін ортаға салды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button