Ел тынысы

Жылыту маусымының мәселелері талқыланды



Үкімет үйінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр селекторлық режимде 2022-2023 жылғы жылыту маусымын өткізу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Жылыту маусымы барлық өңірде басталып, тұрақты өтіп жатыр. Еліміздің электр стансаларында 5 энергоблок, 42 қазандық және 31 турбина жөнделді, 4,3 млн тонна көмір және 88 мың тонна мазут бар, бұл нормативтерге сәйкес келеді. Әлеуметтік инфрақұрылым нысандары мен тұрғын үйлер қыс мезгіліне дайын. Автономды қазандықтарда қажетті отын қоры жиналды.

Кеңесті қорытындылай келе, Роман Скляр әкімдіктерге жеткізілген отын үшін коммуналдық қызметтер мен энергия көздері үшін дебиторлық берешекті төмендету бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-пен бірлесіп, оңтүстік өңірлердегі энергия көздеріне отынды тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуі қажет.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button