Ел тынысы

Әскердегі заңсыздықты жою қажет

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары «Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын іске асыру тұрғысынан әскерде қайтарымсыз шығындардың алдын алу және оларды жою туралы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед дөңгелек үстелде Қазақстан армиясында әскери қызметшілердің қаза болуының жиілеп кеткеніне Мемлекет басшысы назар аударып отыр­ғанын атап өтті.

«Бұл оқиғалардың себептерін анықтап алып, әскердегі әскери қызметшілердің заңсыз әрекеттерін жою керек. Алдағы уақытта мұндай келеңсіз көріністердің алдын алу үшін заңнамалық деңгейде шаралар қабылдау қажет» деді ол.

Сенатор Сергей Ершов басқосуда тағы бір мәселені қозғады. Депутаттың айтуынша, қазір келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшілердің еліміздің Қарулы күштерінен жаппай кетуі тіркелуде. Келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшілер Қарулы күштердің жалпы санының 70 пайызын құрайды. Сенатор тиісті әлеуметтік қолдаудың жоғы мен жалақының төмендігі осындай жағдайдың орын алуына себеп деп есептейді.

«Әлемдегі тұрақсыз геосаяси жағдай мен кадр әлеуетінің ұлғаюы қаупін ескере отырып, әскери қызметшілердің әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін көтеру керек деп санаймын. Мемлекет басшысы 2019 жылғы 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде әскери қызметтің беделін арттыруды, Қарулы күштерді материалдық тұрғыдан жарақтандыру және Отанына адал, кәсіби дайындықтан өткен офицерлер мен әскери қызметшілер құрамымен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті» деді сенатор Ершов.

Еліміздің бас әскери прокуроры Дастан Секенов, Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Бейбіт Есенбаев және тағы басқа сөз сөйлегендер Қарулы күштер саласындағы жағдайды жақсарту жөнінде ұсыныс айтты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button