Елорда тынысы

Тұмаудан қалай сақтанамыз?

Өзіңізді және жақындарыңызды ЖРВИ мен тұмаудан қалай қорғауға болады? Бүгінгі таңда тұмаудың алдын алудың ең тиімді және ғылыми негізделген әдісі – вакцинация.

Тұмауға қарсы иммунитетті уақытылы қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылы №4 емханада 10200 адам тұмауға қарсы вакцинацияланды, бұл тіркелген халықтың жалпы санының 8 пайызын құрайды. Жалпы, иммундаудан кейін қолайсыз көрініс байқалмады.

ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу мақсатында №4 емхананың ­емдеу-профилактикалық жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Анна Шевченко мынау алдын алу шараларын ұсынады:

* таза ауада, саябақта, скверде серуендеу (тыныс алуды дұрыс реттеу арқылы жүру өкпе вентиляциясын күшейтеді, қан айналымы жүйесін жақсартады, ағзаны шынықтырады);

* қол гигиенасын сақтау – қолды сабынмен жиі жуу, әсіресе көшеде серуендегеннен кейін;

* науқас адаммен қарым-қатынаста медициналық қорғау маскаларын қолдану;

* пәтер мен жұмыс үй-жайын жүйелі түрде желдетуге;

* эпидемиялық маусым кезеңінде мүмкіндігінше адам көп жиналатын жерлерден аулақ болу;

* салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтыру және ағзаны шынықтыру;

* С витаминіне бай тағамдарды жеу;

* егер ауырып қалсаңыз, өзіңізді-өзіңіз емдеумен айналыспаңыз және тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға барыңыз немесе дәрігерді үйге шақырыңыз. Ешбір жағдайда да айналаңызға қауіп төндіріп жүре беруге болмайды.

Дәрігер айтқанындай, өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда. Тұрғындарға таза ауада көбірек жүріп, гигиена сақтауға, науқас адаммен сөйлескен уақытта медициналық маска тағуға, пәтер мен жұмыс үй-жайын жүйелі түрде желдетуге, эпидемиялық маусым кезеңінде мүмкіндігінше адам көп жиналатын жерлерден аулақ болған жөн. Сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтыру және ағзаны шынықтыру, С витаминіне бай тағамдарды жеудің де сізге еш зияны болмайды. Ал егер өзіңізді қолайсыз сезінсеңіз, міндетті түрде емханаға барыңыз. Ауырмай, аман жүрейік!

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button