Елорда тынысы

ISMA олимпиада өткізді

Астанада ISMA халықаралық мектебінің ұйымдастыруымен балалар арасында ментальді арифметикадан халықаралық олимпиада өтті.

Олимпиада аясында ISMA мектебі 7 елдің мектептерін жинап, Болгария, Қырғызстан, Ресей, Сауд Арабиясы, Словакия, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктерінің елшілері мен дипломаттарының басын қосты. Екі күнге созылған тартысты жарыста 100-ден астам бала бақ сынады.

Айта кетейік, ментальді арифметика – бұл баланың ақыл-ой қабілетін ойда санақ жүргізу арқылы дамытатын ерекше әдіс. Оны меңгерген бала қосу мен азайтуды, көбейту мен бөлуді, процент пен түбір астын табу есептерін калькулятордан жылдам шығарады. Есеп шығару барысында баланың ми бөлігінің сол жағы мен оң жағы қатар жұмыс істейді.

Олимпиада ұйымдастырушыларының айтуынша, қатысушылардың деңгейі әртүрлі. Есепті шығаруға берілген уақыт – 10 минут. Мектептің халықаралық деңгейдегі оныншы олимпиадасында супер чемпион атағына Артем Балашов, Адия Берлес, Ния Георгиева лайық деп танылды.

Халықаралық олимпиадаға Павлодар қаласынан келген қатысушы Латифулла Сұлтанбектің анасы Зелия Ислямова баласының ментальді арифметикаға деген қызығушылығы алты жасынан басталғанын айтады.

– Бұл – баламның халықаралық деңгейдегі үшінші олимпиадасы. 2021 жылы Дубай қаласында, биыл Каирдегі халықаралық олимпиадада екі мәрте І орынды иеленді. Ментальді арифметиканы кез келген адам меңгере алады. Ментальді арифметикада абакус дейтін есепшот бар. Ол арқылы бала екі қолының саусақтарын бірдей пайдаланады. Әбден жаттыққан соң, абакусты көз алдына елестетіп үйренеді де, күрделі есептерді ойша шығарады, – деді ол.

ISMA халықаралық ментальді арифметика мектебі 2013 жылдан бері 5-16 жас аралығындағы балаларға ойда санақ жүргізуді үйретумен айналысып келеді. Мектеп ТМД-дағы ментальді арифметика мектептерінің ішінде үздіктер қатарында.

Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button