Мәдениет

Зұлмат дәуір зары



Қазақ даласын жалмаған ХХ ғасырдағы бірнеше ашаршылықты, халықтың қасіретін көрсететін «Ұлы дала зары» көркем фильмі жарыққа шықты. Режиссер Марина Құнарова түсірген фильм «Алтын глобус» сыйлығында «Шет тіліндегі үздік фильм» аталымының тізіміне еніп, енді төрткүл дүниеге әйгілі «Оскар» сыйлығына үміткерлердің қатарына қосылды. Қорытындысы ақпан айында белгілі болады. Қазір фильм көрермендерге онлайн көрсетілуде.

Көркем фильмнің режиссері әрі сценарисі Марина Құнарова тарихи деректер негізінде отызыншы жылдардағы ашаршылықты көрсеткен. Кинотуынды 21 жастан асқандарға ғана ұсынылады, себебі фильмде ауыр эпизодтар бар.
Басты рөлдерді Саяжан Құлымбетова, Дулыға Ақмолда, Ақылхан Алмасов, Сафуан Шаймерденов сомадаған. Продюсері – Ернар Мәліков, операторы – Александр Рубанов.
Фильмнің сипаттамасында «Өткен ғасырдың 20-30-жылдары қазақ даласында большевиктер қасақана ұйымдастырған алапат зұлымдықтың салдарынан халқымыздың
70 пайызы аштан қырылып қалды. Сайын даланы жалмауыздай жалмаған ашаршылық қасіретінің шындығы ашылмай, әлі күнге дейін ақиқаттың айбарынан жел есе қойған жоқ» деп жазылған.
Фильм премьерасы қараша айының басында Азиялық дүниежүзілік кинофестивальде көрсетілді. Ал көрермендер фильмді cinexus.kz сайтынан минимал 700 теңге төлеп, онлайн тамашалай алады. Көрсетілімнен түскен қаржы фильмнің шетелге таралуына жұмсалады.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button