Мәдениет

«Ревизормен» ашылады



Еліміз үшін маңызды оқиғалар ортасынан табылып, үнемі өз үнін қосып келе жатқан елорданың төл перзенті – Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» театры ұжымы тәуелсіз мемлекетіміздің кемелденуіне ықпал етер игі бастамалардың әр кез басы-қасынан табылып келеді.

Мемлекеттік жос­парға сай талантты шығармашылық ұжым театрымыздың тағылымы мол, мазмұндық мәні бай репертуарымен өз көрерменін жан-жақты таныстыруда. Жаңа мау­сымда өнер ұжымы өз көрерменімен сағына қауышатындығын қуана хабарлаймыз!

Астана қалалық «Жас­тар» театры жаңа ХVІІ театр маусымын 21 қыркүйек күні, сағат 19:00-де Н.Гогольдің «Ревизор» қойылымымен ашпақ.

Көптеген режиссер мен актер шығармашылығының қиялына ерік берген Н.Гогольдің «Ревизоры» «Жастар» театрының сахнасында өзгеше екпінмен, ерекше шабытпен, қайталанусыз бағытпен театр әлеміне жол тартты.

Мұнда бірде-бір жағымды кейіпкер жоқ. Олардың бітім-болмысы көзбояушылықтан, жағымпаздықтан ­тұрады. Қойылым қоғамымыз­дағы осы тектес ­келеңсіздіктерді ­заманауи пайымдап, аяусыз әжуалайды.

Қойылым режиссері  – ­­ театрдың көркемдік жетекшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Нұрқанат Жақыпбай.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button