Ел тынысы

Су үнемдеуде Қытай тәжірибесін қолдануға болады



– Су мәселесі – Қазақ­станның халықаралық ұйымдар, өңірлік және екіжақты кездесулерде ұдайы көтеріп келе жатқан тақырыбы. Соның ішінде трансшекаралық өзендер және су қауіпсіздігі мәселесі Сиань саммитінде талқыланды. Себебі бұл – Орталық Азия елдері үшін өзекті сұрақ. Президентіміз аталған мәселе бойынша шұғыл шешімдер қабылдау қажет деп санайды. Өйткені Орталық Азия су тапшылығына ұшыраса, бұл аймақтағы азық-түлік, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндіреді. Қытай мен Қазақстан арасында 20-дан астам ірілі-ұсақты трансшекаралық өзен бар, оны бірлесіп пайдалану жөнінде комиссиялардың жұмысы жалғасады. Мемлекет басшысы суды үнемді пайдалануға және ирригация­ға қатысты тиімді цифрлық шешімдерді дәйекті түрде қолданысқа енгізу үшін осы салада айтарлықтай табысқа жеткен Қытай тәжірибесін зерттеп, қолдануға болады деп есептейді.

Қытаймен арадағы визасыз режим қызу талқыланып жатқаны рас. Бұл жерде бірнеше мәселенің басын ашып алу керек. Ең алдымен, Қытай азаматтары былтырдан бері елімізге визасыз 14 күнге келе алады. Екіншіден, бұл – туризм мен іскерлік байланыстарды арттыру үшін жасалған қадам. Яғни ешбір Қытай азаматы 30 күннен артық Қазақстанда жүре алмайды. Жұмысқа орналасу үшін арнайы жұмыс визасы керек. Ал шетелдік жұмысшыларға берілетін квота саны қатаң бақыланады. Биыл бар болғаны 22,2 мың ғана квота бөлінді. Ол – еліміздегі барлық жұмыс күшінің 0,24 пайызы ғана. Сондықтан ондай үрей, алаңдаушылық орынсыз. Жалпы, визасыз режим екі елдің де азаматтарына қолайлы. Бұл шағын және орта бизнестің, әсіресе, қызмет көрсету саласының дамуына түрткі болады. Туризмді, екі ел азаматтары арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға септігін тигізеді. Сондай-ақ қандастарымыз екі ел арасында еркін жүріп-тұра алады. Бұрынғыдай енді елшілік алдында сағаттап кезекте тұрудың, жеке компанияларға виза алып беру үшін ақша төлеудің қажеті жоқ. Жалпы, визасыз режим тек Қытаймен ғана емес, Еуропалық Одақпен де енгізсек деген жоспар бар. Сыртқы істер министр­лігі бұл бағытта белсенді ­жұмыс істеп жатыр.

Руслан ЖЕЛДІБАЙ,

Президент Әкімшілігі басшысының орын­басары – Президенттің баспасөз хатшысы




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button