Ел тынысы

Бизнесті дамытуға серпін береді

– Қытай Қазақстанның көлік-логистикалық мүмкіндігіне қызығушылық танытып отыр. Атап айт­қанда, ол ел Ресей арқылы өтетін бағыттан бөлек, Транскаспий дәлізіне назар аударуы мүмкін. Ресей мен Қытайдың арасындағы тауарлардың көбі біздің еліміз арқылы өтеді. Бұл үш мемлекет аса маңызды транзиттік серіктес болып отыр. Қазір Солтүстік дәлізге басымдық беріледі, яғни Қытайдан Қазақстанға бұдан әрі Ресей, одан кейін Еуропа елдері. Сонымен қатар, қазір біз үшін Транскаспий бағыты маңызды. Шынын айту керек, ол жаққа көп инвестиция қажет. Егер Қытай инвестиция салса, Қазақстан үшін тиімді болады.

Қытай қазір көмірді пай­далану көлемін қысқартып, «жасыл энергетикаға» бет бұрды. Бұл ретте атом энергетикасына басымдық беріледі. Сондықтан оған қажет болатын басты ресурс – уранға сұраныс артпақ. Қытайға Қазақстан көбіне мұнай, Түрікменстан, негізінен, газ тасымалдайды. Мұнайдан бөлек, сирек кездесетін металдарды айта кету керек. Қазақстанда оның көп қоры шоғырланған. Қазір Қытай «жасыл энергетиканы» дамытып жатыр. Күн панельдері, жел станция­ларына сирек кездесетін металдар қолданылады. Осы тұрғыдан Қазақстан Қытай үшін перспективалы болып есептеледі. Сондай-ақ, Қазақстандағы уран қорының әлем нары­ғындағы үлесі – 42 пайыз. Ал Қытай қазір көмірді пайдалануды қысқартып, таза энергетикаға көшіп жатыр. Таза энергетика – атом энергетикасы. Сондықтан Қытай тарапы уран импортын ұлғайтуға қызығушылық танытады.

Екі ел арасында орнаған визасыз режим Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытуға мол мүмкіндік береді. Қазір осыған қатысты елде пікір көп. Кейбірі қауіп басым десе, енді бірі мұны пайдалы дейді. Негізі, бұл режим көбіне қазақстандықтар үшін тиімді. Біз осы елден көп тауарды импорттаймыз. Сондықтан ол қазақстандық кәсіпкерлердің Қытайға баруына зор мүмкіндік жасайды. Бұл бизнесті дамытуға серпін береді деп ойлаймын.

Ерсұлтан ЖАНСЕЙІТОВ,

Әлемдік экономика және саясат

институтының сарапшысы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button