Ел тынысы

Мемлекеттік қызметке бастайтын жол – жаңа іріктеу жүйесі

Дамудың жаңа кезеңіне қадам басып жатқан Қазақстанда басым бағыттың бірі – мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғырту. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің толыққанды стратегиялық HR институтына айналдыруды басты бағдар етіп анықтап берген болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызметке іріктеу мен қабылдау процесін толық цифрландыру және одан шығу рәсімдерін жеңілдету, бюрократияға жол бермеу, меритократия қағидатын ілгерілетуге қатысты мәселелер зерделеніп, ұсыныстар қабылданған болатын.

Осы тұста, 2023 жылдың 1 наурызынан бастап «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеудің  қанатқақты жобасы іске қосылды. Өткен жылы жоба Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Ақмола облысы мен Шымкент қаласы әкімдіктері, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Сауда және интеграция министрліктерінде жүргізілді.

Ал 2024 жылдың ақпан айынан бастап Астана және Шымкент қалаларының, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарының жергілікті атқарушы органдары, Мәслихаттары, Тексеру комиссиялары, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі  қанатқақты жобаға енді.

Жаңа іріктеу жүйесіне сәйкес, мемлекеттік қызметке орналасуға үміткерлер «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде төрт заң бойынша заңнаманы, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Конституциясы, Мемлекеттік қызмет туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдары мен Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі және мемлекеттік тілді білуге тестілеуден 24/7 бойы өте алады. Тестілеуден сәтті өткен үміткерлер жүйедегі конкурстарға қатысуға өтінім береді.

Конкурстың іріктеу кезеңі – жеке қасиеттері мен үміткерлердің мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауды және сарапшылар комиссиясымен әңгімелесуді қамтиды.

Тестілеу уақытында үміткердің тәртіпті сақтауын прокторинг жүйесі қамтамасыз етеді.

Іріктеу кезеңдерінде ең төмен балл жинаған үміткерлерді жаңа жүйе автоматты түрде кезең-кезеңімен алып тастау арқылы, үздік үш үміткердің пилоттық органның сарапшылар комиссиясында әңгімелесу кезеңіне жібереді.

Бұл жоба конкурстардан өту кезеңінде адами факторлардың әсерін толығымен алып тастайды. Іріктеуден өту кезінде иесіздендіру және анонимділікті қамтамасыз ету үшін жүйе үміткерлерге сәйкестендіру ID нөмірлерін береді.

Нәтижесінде қанатқақты жобада конкурс жеңімпазы комиссияның шешімімен емес, сәйкесінше барлық кезеңдерде жинаған баллдарының қорытындысы бойынша жүйемен автоматты түрде анықталатын болады.

Бүгінгі күні іріктеудің жаңа жүйесі бойынша конкурсқа қатысқан үміткерлердің он бір мыңнан астамы жеңімпаз атанды.

Осы тұста, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің барлық бастамалары Мемлекет басшысының мемлекеттік аппараттың адамға бағдарланған және сервистік моделін қалыптастыру бойынша қойған міндеттерін жүзеге асыруға бағытталғандығын атап өткім келеді.

Бұл халық үніне құлақ асып, жұртшылықтың талап-тілегін ескеріп, қоғамның сұранысына толыққанды жауап бере алатын ашық, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың негізгі бастамасы.

Айнур АКУПОВА,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Астана қаласы бойынша департаментінің

Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button