Елорда тынысы

Үркер тұрғындарымен кездесті

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесуде көтерілген мәселелер туралы айтты.

«Үркер елді мекенінің белсенді тұрғындарымен кездестім. Бұл елді мекенде ең алдымен кәріз және электр­мен жабдықтау желісінің мәселелері шешілуі қажет. Қазір осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз» деді шаhар басшысы тұрғындармен кездесуінде.

Сол сияқты кездесуде тұрғындар жол, тротуар, әлеуметтік нысандар, аялдамалар салу, абаттандыру, жарықтандыру секілді өзге де мәселелерді көтерді.

– Мектеп мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Үркер елді мекенінде екі мектептің құрылысын жүргізіп жатырмыз. Оның бірі – бір ауысымды, 900 орынға арналған, екіншісі – бір ауысымды, 2000 оқушы орны. Аталған мектептерді 2024 жылы қолданысқа беру көзделген. Биыл дене шынықтыру-­сауықтыру кешені салынып, пайдалануға беріледі. Көтерілген мәселелерді шешу бойынша орындау кестесін әзірлейміз. Жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіледі, – деді Жеңіс Қасымбек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button