Ел тынысы
№42 және №53 бағдарларының қозғалысы өзгереді
![](https://astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2024/06/pavoaonlvpyfvapms-1.jpg)
Астанада 8 маусымнан бастап №42 және №53 бағдарларының қозғалыс сызбалары өзгереді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
№42 бағдардың қозғалыс сызбасы Тұран даңғылымен «Астана жұлдызы» стеласы айналма жолы арқылы жүретіндей етіп өзгереді. Осылайша «Cosmic City», «Будапешт» ТК қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуді жақсартуға септігін тигізеді.
№53 бағдар қозғалыс сызбасы «Куршевель» ТК аялдамасына дейін ұзартылады. «Куршевель» ТК тұрғындарына қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуді жақсартады.