Қала мен Сала

Ашық есік күні өтті



Астанадағы «Жастар» сарайында Байқоңыр ауданының тұрғындары үшін кезекті Ашық есік күні өтті.

Онда кәсіпкерлік, туризм, әлеу­меттік сала, денсаулық сақтау, коммуналдық шаруашылық, көгалдандыру және абаттандыру мәселелеріне қатысты сұрақтар қаралды.

Аудан тұрғындарының өзекті мәселелерін тыңдап, тиісті шешім қабылдау мақсатында бастау алған бұл науқанға аудан әкімдігінің басшылығы, жергілікті мекеме өкілдері қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Келесі Ашық есік күні 24 мамыр күні өткізіледі. Онда сәулет, қала құрылысы, жер қатынастары, құрылыс, энергетика, газдандыру, газбен жабдықтау, коммуналдық қалдықтар, көгалдандыру, кешенді абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелері көтерілетін болады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button