Қала мен Сала

Ерекше жандарға арналған жәрмеңке

Елордада Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жұмыс жәрмеңкесі өтті.

Мүгедектігі бар азаматтарды кәсіби оңалту орталығының әлеуметтік қызметкері Айдана Макышеваның айтуынша, бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған бос орындар көрме-жәрмеңкесі үшінші рет өткізіліп жатыр.

– Мұның алдында ұйымдас­тырылған көрме-жәрмеңкеге 180-ге жуық мүгедектігі бар адам қатысқан болатын. Бүгінгі іс-шараға 30-ға жуық жұмыс берушілермен бірге 100-ден астам мүмкіндігі шектеулі жан жұмыс іздеп келді, – деді Айдана Макышева.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен өткен іс-шараны мүгедектігі бар азаматтарды кәсіби оңалту орталығы ұйымдастырды. Бұл мекеме 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Мүгедектігі бар азаматтарды кәсіби оңалту орталығы ерекше қажеттіліктері бар жандардың жұмысқа тұруына жәрдемдесіп, оларды жарты жыл бойы сүйемелдейді.

Мамандардың мәлімдеуінше, бүгінде бос орындарға сұраныс көп. Жұмыс орны әр адамның мүгедектік тобына сәйкес болуы тиіс. Бірақ кейде вакансиялар ол талаптарға сай келмей жатады. Сондықтан кейбір ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін бос орын табу қиын көрінеді. Бұл жәрмеңкеге Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде инклюзивті білім алатын студенттер де қатысты.

– Жалпы университет бойынша инклюзивті білім алу категориясына жататын 134 дәріс алушы бар. Соның 33-і биыл оқу бітіреді, 2-еуі докторантурада, қалғандары бакалавриат бойынша оқуын тәмамдап жатыр. Сондай-ақ инклюзивті қолдау қызметі оқу бітіргеннен кейін әрі қарай жұмысқа орналасуына біздің серіктес мекемелермен бірігіп меморандумға қол қойды, – деді Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жастар департаментінің директоры Жамбыл Тілепов.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button