Қала мен Сала

Газ «Шұбарға»да жетеді



Астана қаласындағы «Шұбар» шағын ауданында 2023 жылы газдандыру бойынша құрылыс-­монтаж жұмыстары басталады. Қазіргі уақытта жобалау-іздестіру жұмыс­тары жүргізілуде.

Сарыарқа және Алматы аудандарында үйлерді газға қосу мүмкіндігі толық қамтамасыз етілген. Яғни 10 тұрғын алап пен 4 шағын ауданға (Ақбидай, Қазақауыл, Нұр-Бесік, Потанин көшесі ауданындағы шағын аудан) осындай мүмкіндік жасалды. Осы мақсатта қалада 680 шақырымнан астам газ тарату желісі салынды, кварталішілік желілер тартылды. Аталмыш аудандарда 6,5 мыңға жуық тұрғын үй газға қосылды. Бұл 60%-дан асады.

Ал Байқоңыр және Есіл аудандарында газ құбырын салу жұмысы (2023 жылы кварталішілік желілер) жүріп жатыр. Биыл аудандық «Тұран», «Телман» қазандықтарына, сол сияқты «Ильинка» («Үркер»), «Өндіріс», «Тельман», «Пригородный» елді мекендеріне және «Family Village» және «Garden Village» шағын аудандарына газ жеткізу желілерінің құрылысы басталды.

Газдандыру бойынша ынталандыру және көмек көрсету үшін бірқатар әлеуметтік шаралар қабылданды: үйлерді газға қосуға арналған құжаттар тізімі екі есе қысқартылды, мұқтаж жандарға бөлінетін сома 2 еседен аса ұлғайтылды (430 мыңға дейін), тегін негізде газды есепке алу аспаптары (есептегіштер) беріледі, газдандыру үшін банктер арқылы бөліп төлеу және пайызсыз кредиттеу бар.

1-ЖЭО және 2-ЖЭО-де су жылыту қазандықтары толықтай газға ауыстырылды. Сондай-ақ әлеуметтік нысандарды газға қосу жұмысы жүргізілуде. 20 әлеуметтік нысанның (Алматы және Сарыарқа ауданы) 13-і газға ауыстырылды, қалған 7 нысан бойынша іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұрын олар автономды жылу көздері арқылы жылытылды: көмір немесе дизель отыны арқылы бірнеше есе қымбат. Осы нысандарды газға ауыстыру есебінен жалпы үнемдеу жылына 1 млрд теңгеден асады.

Газдандыру қаланың экологиясын едәуір жақсартып қана қоймай, жеке сектор тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button