Спорт

«Барыс» бабына келді ме?

КХЛ чемпионатының кезекті бес турын өз алаңында өткізетін астаналық «Барыс» қатарынан екі рет жеңіске жетті.

Алайда «Барыс» осыдан бір апта бұрын Қытайдың «Куньлунь» командасынан ойсырай ұтылып қалды. Чемпионаттың аутсайдері ойламаған жерде астаналықтарды 5:0 есебімен қапы қалдырған еді. Дегенмен, араға бір күн салып «Барыс» есін тез жиып, «Адмирал» (Владивосток) командасын 3:1 есебімен тізе бүктірсе, сенбіде «Амур» (Хабаровск) хоккейшілерін 5:1 есебімен жеңді. Осы жеңістерден кейін «Барыс» бұрынғыдай бабына келді ме деген ой қылаң берді.

Кеше кешке «Барыс» «Торпедо» командасын қабылдады. Ал ертең чемпионаттың «Шығыс» дивизионында көш бастап келе жатқан «Металлург» (Магнитогорск) клубымен ойнайды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button