Қала мен Сала

Жануарларға күтім жасауда



Жыл сайын тамыз айының әр үшінші сенбісінде халықаралық қаңғыбас жануарларды қорғау күні аталып өтеді. Елордада бұл мәселеге ерекше көңіл бөлініп келеді.

Астана қаласы әкімінің ­бастамасымен елордада 2020 жылдан бастап жануарларды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Оның құрамына зообақ ұйымдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, ветеринарлар кіреді. Бүгінде оларға еріктілер де жәрдемдесуде. Елорда еріктілері қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды тамақтандырып, күтуге көмектеседі.

Бүгінде Астана бойынша 6 бригада қараусыз жүрген жануарларды ұстаумен айналысады: әр ауданға бір-бірден және тағы бір жедел әрекет ету бригадасы бар.

Жалпы елордада 2017 жылдан бастап осы мақсатта ерекше әдістер қолданылып келеді. Онда тор, тұзақ, жем қолданылады.

Ұсталған иттер мен мысықтар иесіне қайтарылғанға дейін немесе үшінші тұлғаға берілгенге дейін уақытша ұстау пунктінде 60 күн болады. Бұл ретте талап меморандум аясында «Аулауды тоқтат!» зоо­қорғаныс ұйымына беріледі. 60 күн ішінде дегельминтизация, құтыруға қарсы вакцинация және чиптеу сияқты тиісті ветеринарлық-профилактикалық шаралар жүргізіледі.

Қазіргі таңда уақытша ұстау пунктінде 3000-нан астам ит пен 200 мысық бар. Қаңғыбас жануарларға қатысты мәселені шешудің негізгі әдісінің бірі – оларды зарарсыздандыру. Соңғы үш жылда 9500 жануар зарарсыздандырылды.


Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button