Қоғам

Жәрмеңкеде бәрі бар

ЭКСПО халықаралық көрме орталығының алаңында KIDS EXPO «Балалар әлемі» бала­лар тауарларының жәрмеңкесін Астана қала­сының әкімдігі Qazexpocongress ұлттық компаниясымен бірлесіп өткізді.

ЭКСПО халықаралық орталығының алаңындағы жәрмеңкеде сатушылар ата-аналарға мектеп құралдарының барлық ассортиментін ұсынды: кеңсе тауарлары, сөмке, спорт кос­тюмі, мектеп формасы, аяқ киім және тағы басқалар.

– Біз бұл шараны ата-аналар мектепке қажетті барлық заттарды сатып алып, барлығын бір алаңда сатып алуы үшін ұйымдастырдық. Жәрмеңкеге әртүрлі өнімді ұсынатын 60-тан астам компания қатысып жатыр. Іс-шара аясында қа­йырымдылық акциясы өтті, оған 13 кәсіпкер қатысуға ниет білдірді. Олар әлеуметтік жағдайы төмен 16 балаға кеңсе тауарлары бар мектеп рюкзагын сыйға тартты. Біз кәсіпкерлерге балалардың жасы мен қажеттіліктерін ескере отырып, рюкзактар мен кеңсе тауарларын таңдауға мүмкіндік бергені үшін және осы іс-шараға мұқият әзірленгені үшін ризашылығымызды білдіреміз, – деді Qazexpocongress ұлттық компаниясының баспасөз хатшысы Гүлжан Сергибаева.

Бастауыш сынып оқушысының анасы Мәдина Бекбергенова жәрмеңкеде өзінің ұлы Азаматқа жеңілдікпен форма сатып алып, өз әсерімен бөлісті:

– Біз бірнеше дүкенге бардық. Әрине, баға әлдеқайда жоғары. Бізге бір жерде баланы дайындаумен барлық мәселені шешуге болатыны ұнады. Жәрмеңкеде бір алаңнан мектеп формасы, кітап, дәптер, қалам, қарындаш, рюкзак сатып алдық. Балаларға шеберлік сыныптары, ойын алаңдары, мәдени-ойын-сауық бағдарламасы бар балалар шығармашылық студияларының қойылымдары және спорт шаралары ұсынылды.

Айта кетейік, жәрмеңке 21 тамызға дейін өтті.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button