Спорт

Үздіктер анықталды

«Самұрық-Қазына» АҚ-тың 15 жылдығына орай өткізілген VIII спартакиада өз мәресіне жетті.

«Бір команда – бір мақсат!» ұраны аясында өткен спорт сайысында мұнай-газ өнеркәсібі, металлургия, көлік және басқа да сала мамандары бақ сынады. Қор құрамындағы 15 компания және бір құрама 11 спорт түрінен күш сынады. Жалпы спартакиадаға 845 қызметкер қатысты.

Үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, армрестлинг, жүзу және футзал, волейбол, баскетбол, арқан тарту, асық ату және киберспорт бойынша шеберлігін сынады.

«Биыл спартакиаданың байрағы сегізінші рет көтеріліп, тартысты да қызықты ойынға куә болдық. Салауатты адам еңбек өнімін арттырып, сапалы жұмыс істейді. Осы себепті қор бұқаралық спортты дамытуға дем беріп қана қоймай, қызметкерлердің де салауатты өмір салтын ұстануға жан-жақты жағдай қалыптастырады» деді қордың еңбек-әлеуметтік қатынастар және еңбекті қорғау бойынша басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.

Тартысты сайыстың қорытындысы бойынша кубокты «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ командасы иеленді. Ал «Самұрық-Энерго» АҚ командасы екінші, «Қазатом­өнеркәсіп» ҰАК» АҚ үшінші орынды еншіледі.

Тағыда

Нұрлат Байгенже

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button