Руханият

Қыздың көркі – үкіаяқ

Қыздар арасында тақия кию сәнге айналды. Бұрындары оны тек ұлттық мейрамдарда ғана көретінбіз. Қазір бұл қазақ қыздарының көркін ашатын сәнді бұйымның бірі саналады. Тақияға тағылатын ­әшекейлердің өзі де күмістен жасалып, қазақы ою-өрнекпен көмкерілген.

Ертеде қыздардың тақиясына ілінетін үкіаяқ деген әшекей болған. Мұны әшекей деуге де келмейтін шығар. Өйткені бұл гигиеналық зат ретінде қолданылған. Онымен тырнақ тазалаған, қажет емес кезінде тақияның төменгі жағына іліп қойған.

Қыз баланың барлық дүниесі әдемі, көз тартатындай болуы керек емес пе?! Сондықтан оған тиын, моншақ, салпыншақ тағып әсемдеген. Дәл осындай үкіаяқты біз облыстық ­тарихи-өлкетану музейінен кездестірдік. Экспонаттар арасында тұрған бұл бұйым ХІХ ғасырдың соңында қолданылған екен. Үкіаяқ күміспен көмкеріліп, безендірілген.

Сымбат БЕГІМБАЕВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button