Мәдениет

Тұлғалармен тілдесті



Елордада «Bola­shaqqa jol» жобасы аясында жастар мен танымал тұлғалардың кездесуі өтті.

Жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға шабыттандыру мақсатында ұйым­дастырылған бұл жиын Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы» КММ-ге қарасты Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өтті. Оған қатысқан спикерлер өз өмір тәжірибесі мен табысқа жетудегі еңбек жолын мысалға ала отырып, салауатты өмір салтын ұстанудың артықшылығын жанды мысалдармен түсіндірді. Сондай-ақ адамның табысқа жетуіне қоғамдық ортаның да ықпалы айрықша екенін атап өтті.

Алдағы уақытта «Bolashaqqa jol» жобасы аясында нашақорлыққа қарсы тұру және оның алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану қағидаларын нығайту мақсатында алуан түрлі акция, флешмоб өткізу жоспарланып отыр.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button