Елорда тынысы

Тұрғындар тілегі ескерілді



Алматы ауданының әкімі Мақсат Саматұлы аудан тұрғындарымен үнемі кездесіп тұрады. Кездесулер ашық, жанды диалог форматында өтеді.

Жақында аудан әкімі Тә­уелсіздік даңғылынан М.Жұмабаев көшесіне дейінгі аралықты жаяу аралады. Бұл ретте Тәуелсіздік даңғылы, 33/1 «Baqyt» ТК тұрғындары сыртқы инженерлік желілерді беру, сондай-ақ қаланың коммуналдық қыз­меттерімен келісім жасау мәселелерін көтерді. Кездесуге Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту және Отын-энергетика кешені мен коммуналдық шаруашылықты дамыту басқармасы, «Астана су арнасы» МКК, «Астана-АЭК» АҚ, «Астанаэнергосбыт» ЖШС және үйге қызмет көрсететін ұйымдардың өкілдері қатысты.

Тұрғындар көтерген мәселелер бірден бекітіліп, жұмысқа алынды. Содан соң әкім аудан тұрғындарының өтініші бойынша «Жастар» саябағының аумағын, Отан қорғаушылар монументін және Ақбұлақ өзенінің жағалауын санитарлық ұстау бойынша тексерді.

– Мен және менің әріптес­терім үшін аудандағы барлық жағдайды біліп отыру, туындаған мәселелерді дер кезінде шешу және тұрғындармен үнемі байланыста болу өте маңызды. Мұндай кері байланыс біздің күш-жігерімізді қазіргі кездегі ең өзекті мәселелерге бағыттауға көмектеседі, – деді Мақсат Саматұлы.

Алдағы аптада аудан әкімі тұрғындардың өтініші бойынша мекенжайларға баруды жалғастырады.

 

 


Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button