Жаңалықтар

ДАЙЫНДЫҚ ЖАЙЫ ТАҒЫ ДА ПЫСЫҚТАЛДЫ



Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың жетекшілігімен «Экспо-2017»халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында қаладағы базарлар мен мейрамханалардың дайындығы тексерілді

c

Комиссия базарлардың аумағын, жалпы сани- тарлық жағдайын және жүргізілген жөндеу жұ- мыстарына баға берді. Сауда алаңдарында үш тілдегі ақпараттық нұсқа- малар мен маңдайша жа- зулардың бар-жоқтығы анықталды. Шетелдік меймандарды қабылдайтын мейрамха- налар ас мәзірді үш тілде жазуы тиіс. Сондай-ақ, қонақтарды қарсы ала- тын қызметкерлердің шет тілін меңгеруі мейрамха- наларға қойылатын басты талаптардың бірі екенді- гін ұмытпаған жөн.

Одан бөлек, тексеру барысында қоғамдық тамақтану нысандарының безендірілуі қаралды. Мұның барлығы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық пен оны өткізу бойынша жол картасы негізінде атқарылып отыр. Әкімдік хабарлауынша, қойылған талаптарды бұзғандардың ішінде 30 нысан өз кемшілігін жой- ып, 18 нысан жарнамалық хабар- ламаларын жаңартуда.

Сол күні қала әкімінің орынба- сары М.Бектұрова көрмеге еріктілерді дайындау бағдарламасы аясында өткізілетін тренингтердің біріне қатысты. Ол әңгімелесу барысында шарадағы еріктілер қызметінің маңыздылығын атап өтті. Қала аумағындағы нысандардың орналасқан жері туралы турис- терді хабардар ету еріктілерге жүктелген. Сонымен қатар, дайындық бағдарламасына ишара тілі, төтен- ше жағдай кезіндегі іс-қимылдар, алғашқы медициналық көмек көрсету енгізілген. Айта кетейік, 10 маусымда ашылатын көрмеге 25 күн қалды. Оған әлемнің әр түкпірінен 2 миллионға жуық турист келеді деп күтілуде.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button