Басты ақпаратҚоғамРуханият

КӨШ КӨЛІКТІ БОЛМАЙ ТҰР. КҮНГЕЙДЕН ТЕРІСКЕЙГЕ БАҒЫТ АЛҒАН ЖҰРТТЫҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

Бұл көш қыстауға немесе жайлауға Бет түзеген көш емес. Шет елден атажұртқа ат Басын Бұрған ағайынның да әңгімесі емес. Бұл – кәдімгі оңтүстігімізден солтүстігімізге Бет алуға тиіс ішкі көштің мәселесі.

34b3405f3d71f0123cf9ebc3bfd9a2af

Ресейге қоныс аударып жатқандардың артуына байла- нысты солтүстіктің тұрғындары соңғы жылдары азайып барады. 2050 жылға қарай мұндағы ха- лық саны тағы 1 миллионға қысқаруы мүмкін. Оңтүстікте керісінше. Өсім қарқыны өте күшті. Бұл бағытпен кете берсе, алдағы 20 жылда адам саны бұл өңірде 5 миллионға жетуі мүм- кін. Осы себепті оңтүстік облы- стардың тұрғындарын солтүстік аумақтарға ерікті негізде қоны- стандыруға арналған жұмыстар осыдан төрт жыл бұрын бастал- ды. Алайда аса маңызды істің жергілікті жерлерде орындалуы көңілден шықпай отыр. Өткен жылы Үкімет қаулысымен жұ- мыс күші артық өңірлерде тұра- тын отбасыларды жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныс­ тандыруға бөлінген 463 квота- ның 196-сы ғана игеріліпті. Яғни, 42 пайызға ғана орындалған. Осыған қарап-ақ ішкі көші-қон соңғы жылдары өте үлкен әлеу­ меттік мәселеге айналып кет- кенін бағамдауға болады.

Оңтүстіктен солтүстікке 141 отбасы ғана көшірілді

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының халқы 3 милли- онға жуықтады. Ал Павлодар облысында – 750 мың, Қоста- най облысында – 880 мың, Сол- түстік Қазақстан облысында 560 мыңдай адам бар. Оның ішінде Солтүстік Қазақстанның халқы жылдан-жылға кеміп барады. Бүгінде аталған бағдарлама бо­ йынша оңтүстіктен солтүстікке 2016-2017 жылдар аралығында 141 отбасы ғана көшіп барыпты. Осының 129-ы биылғы жыл ба- сынан бері қоныс аударғандар екен. Оңтүстік Қазақстан облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, 2016 жылдан бері бұл өңірден 70 отбасы солтүстік аймақтарға қоныс аударса, 900 отбасы көшуге ниет білдіріп, анкета толтырыпты. Демек, ха- лықтың көшуге ниеті бар. Онда неге бұл бағдарлама өте баяу жүріп жатыр? Айта кетейік, қо- ныс аударушыларға көшіп-қо- ну шығындары үшін отбасын- дағы адамдардың әрқайсысына шаққанда 35 айлық есептік көр- сеткіш көлемінде жәрдемақы төленеді. Тиісті жұмыспен қамтылады. Баспана жалдау үшін 1 жыл бойы 34 мың мен 68 мың теңге аралығында субсидия беріледі. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша үй алу кезегіне тұра алады. Бірақ бұл көшіп барушы үшін ауыз толты- рып айтарлықтай көмек дей ал- мас едік. Сол тұрғын үйді жалға алу келісімшартында егер қоныс аударушының отбасы кемінде 5 жыл бойы тұрған жағдайда оған сол тұрғын үйді тегін жекеше- лендіру құқығы берілуін қара- стыру керек. Сондай ақ, жер- гілікті қалталы азаматтар бұл көшке қолдау білдіріп, бір адам бір отбасыны көшіру жұмысына атсалысуы қажет.

Бүкіл ауылды көшіруді қолға алу керек

solt1

Қоныс аударуға ниеттенген 18 отбасы жағдай ұнамаған, кли- мат жақпаған, отбасылық себеп- тер кедергі болған деген сынды бірнеше себептермен ол жақты жерсінбей, қайта оралыпты. Осы жерде жеке отбасыны ғана емес, бүкіл ауылды, көрші-көлемімен, ағайын туысымен бірге көшіруді қолға алу керек сынды. Олар бір ауылға қоныстанса, ағайыннан алысқа кетіп қалдым деген уа­ йымсыз жүрер еді. Жаңа ортаға бейімделуі оңай болған болар еді. «Туған жердің топырағы бұйырсын, сүйегім басқа жер- де қалғаннан сақтасын» дейтін қазақ үшін бұл да үлкен мәселе болып отыр. «Менің балаларым жұмыссыз, қатты қиналып қала- тын кездеріміз жиі болады. Бірақ менің ағайыннан алыстағым жоқ. Бәрімізді бірге апаратын- дай жағдайды неге жасамайды екен?» дейді Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Қы- зыл дала ауылының тұрғыны Жабал Есіркеп қария. Бағдарла- мадан нәтиже шығара алмай, қа- лай жүзеге асыруды ойластырып отырған министрлік мұны да қа- растыру керек сынды. Бұл көштің астарында тек қана көшу емес, солтүстікті қа- зақыландырып, мектептері мен балабақшалары балалардың аздығынан жабылуға шақ тұрған ауылдардың тіршілігін түзеп, түтінін түтету тұрғандықтан, көшудің жүйелі жүргені жақ- сы. Сонда ғана жұмыс күшіне тапшы болып отырған шару- ашылықтардың беті бері қарап, жағдай түзелер еді.

Ішкі урбанизация қашан реттеледі?

Елімізде «Халықтың көші-қо- ны туралы» заң қабылданған. Дегенмен бұл заңда ішкі көшіқон туралы баптар аз. Негізі- нен, сырт елге шығатын немесе өзге елден келетін азаматтар- дың мәселесін қамтитын заң еліміздің өз ішіндегі урбанда- лу, орын ауыстыру, басқа да сұрақтарға нақты жауап бере алмай отыр. Осыған дейін Арал өңірінің экологиялық ахуалына немесе Семейдегі полигон зар- даптарына байланысты жер- гілікті халықтарға көптеген жеңілдіктер жасалынған бол- са, қазір олардың дені алынып тасталған. Міне, осы мәселеде де заңымызға нақтылық керек сияқты. Ішкі миграцияның осал- дығынан осы мәселелер туындап отыр. Мықты бағдарлама мен салмақты заң ғана осы мәселені түбегейлі шеше алған болар еді.

«Серпін» серпін әкелді ме?

2014 жылдан бастап елімізде «Серпін» мемлекеттік әлеуметтік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаның мақсаты – солтүстікті қазақыландырудың қамы. Халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарын- дағы (Алматы, Оңтүстік Қа- зақстан, Жамбыл, Қызылорда) жастарды кадр жетіспеушілі- гін бастан кешіріп отырған Қа- зақстанның шығыс, солтүстік және орталық өңірлерінде оқы- тып, жұмысқа орналастыру. Игі бастаманың ұйымдастыру жұмыстарымен «Серпін» әле- уметтік ұлттық даму қоры» тұрақты айналысуда. Қазіргі уақытта «Серпін» бағдарлама- сымен 12500 шәкірт оқуға түсіп, биылғы жылы 900-ден астам студент оқу бітіріп, жұмысқа орналасты. «Біздің бағдарлама бойынша да бұл жұмыс жалға- сын табады. Биылдың өзінде бұл бағдарламаға республикалық бюджеттен 45 млрд теңге, жер- гілікті бюджеттерден 40 млрд теңге қарастырылған. Яғни, 85 млрд теңге осы бағдарламаны жүзеге асыруға бөлінуде» деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Тобықтай түйін

Халықтың 38 пайызы оңтүстік өңірлерде қоныстанған. Ал Қа- зақстанның солтүстік аймақта- рындағы халық саны 17 пайыз- ды құрайды. Егер мұндай үрдіс жалғаса беретін болса, 2050 жылға таман оңтүстік халқының саны, болжам бойынша, 5,2 млн адамға жетеді. Бұл солтүстіктегі тұрғындар санынан 4 есе көп болып кетеді екен. Бұл – «тезірек қимылдайық» деп байбалам салуға тұрарлықтай факті. Қараңыз, қазіргі уақыттың өзінде оңтүстік облыстарда жаңа туған 100 сәбиге 12 қариядан келсе, солтүстікте 100 сәбиге 53 қарт адамнан келеді. Яғни, әлден-ақ еңбек ресурсы мәселелері туын- дап отыр. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың сөзінше, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын іске қосқаннан бері 19 мың адам сол- түстік өңірге қоныс аударыпты. Бұл министрлік міндеттеген жоспардың толық орындалмай отырғанын көрсетіп отыр. Енді 2017 жылдың қыркүйегіне таман ІІМ және Ұлттық экономика ми- нистрлігі бірлесіп, миграциялық саясаттың жаңа концепциясын жасауды қолға алмақ. Өйткені ұлттық және халықаралық са- рапшылармен және ұлттық экономика министрлігімен бірігіп, халық санына зерттеу жүргізген- де, қазірден бастап халықтың ор- наласуында дисбаланс бар екені белгілі болған. «Екі көшкен бір таланғанмен бірдей» демекші, халықтың көшіп барып, қайтып кетуін емес, сол жерде тұрақтап қалуын қадағалап, құнттайтын нақты қадамдар жасалмаса, біз айтып отырған қауіптің іргесін сөгу мүмкін болмай қалады.

Гүлжан РАХМАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button