Қала мен Сала

Елордада бизнес-климат қандай?



Астанада бизнес-климатты жақсарту жөнінде және құрылыс секторына инвестиция тарту тұрғысында кешенді шара өтті.

Жиында бизнес өкілдері өндіруге әкелетін шикізаттың кедендегі баж салығының жоғары болуының салдарынан отандық өнім құны қымбат екенін, инновациялық грантты ұсынудың процедурасы ұзақ әрі есеп берудегі талаптың күрделі екенін айтты. Сонымен қатар, шетелде бизнес өкіліне көмек беретін консулдық сауда атташесінің жоқтығы қиындық туып жатқанын сөз қылған кәсіпкерлер оларға көмектесу үшін халықаралық қор ашудың қажеттігін жеткізді. Бизнесмендер айтқан мәселелер бойынша арнайы топ жұмыс жасайтын болды. Соған сәйкес Үкімет жанындағы бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңесте шешім шығарылмақ.
– Астананың құрылыс материалдарын кең көлемде өндіруге әлеуеті бар. Туризм де қызықты. Қалада жыл сайын аз шығын кететін тақырыптық фестивальдер өткізуге болады. Қойма құрылысының да болашағы зор. ІТ-технология, қызмет көрсету кәсіпорындарын да құру керек, – деді өз кезегінде Стратегиялық бастамалар орталығының жобалар жөніндегі директоры Бақытжан Саркеев.
Оның бұл ойына қолдау білдірген «Astana Invest» инвестицияларды дамыту орталығының мамандары құрылыс, жаңа өндіріс, сауда, спорт, креативті кластер сияқты экономиканың 9 секторы қаланы дамытуға бағытталатынын атап өтті. «Жалпы, елорданың бизнес-климатын жақсарту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік принципі мен инвесторлар үшін «бір терезе» қағидасымен инвес­тиция тартып, жетекші агенттіктердің тәжірибесі негізінде өңірлік институтты дамыту керек» деді мамандар.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button