Денсаулық

Денсаулығың – өз қолыңда!

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма­сының қолдауымен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы 9 қыркүйекте денсаулық фестивалін өткізуді жоспарлап отыр. «Триатлон паркі» мәдениет және демалыс саябағында «Салауатты межелерге жет» ұранымен өтетін ауқымды шара астаналықтардың денсаулығын қорғауға үндейтін болады.

Бұқаралық шараның басты мақсаты – халық арасында салауатты өмір салтының негіздерін егіп, еңбек және әлеуметтік белсенділіктің жоғары деңгейін сақтауға баулу. Осы ретте шараны ұйым­дас­тырушылар қарапайым қағиданы ұс­танудың маңызын көпшілікке жеткізді. Яғни, дені сау адам тәулігіне 10000 қадам жаяу жүріп, кем дегенде 20 минут дене шынықтырумен айналысқаны жөн. Дұрыс тамақтану да маңызды. Тәулігіне 5 грамм тұз қолданып, кемінде 2 литр таза су ішуді әдетке айналдырудың да маңызы зор. Соған байланысты жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысы қалыптасады. Қан қысымы 140/90 мм гг-ден кем немесе тең, жалпы холестерол 5 ммоль/л-ден аз немесе тең, қандағы қант мөлшері 5,5 ммоль/л-ден кем немесе тең болуы шарт. Екінің бірі ескере бермейтін бұл дәйектер – салауатты өмір салтын ұстанғандардың жалпылама көрсеткіштері.
Сонымен, алдағы жексенбі күні өтетін денсаулық мерекесіне шақырған Олимпиа­да және әлем чемпионы Ольга Шишигина, «Спарта Номад Астана» командасының капитаны Данияр Жұмаділов «Денсаулық фестивалінің» көркін қыздыратын болады.

 

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button