Басты ақпаратБілім

Абай мектебінде абайтану пәні оқытылады



Елордада Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарса­ңында ақын атындағы №87 мек­теп-гимназия ашылды. Мектеп директоры Айгүл Қа­шаева­ның айтуынша, бүгінде мұнда мыңнан аса оқушы қабылданған, оның жүз елуі – бірінші сынып шәкірттері.

Салтанатты іс-шараға ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, елорда әкімі Алтай Көлгінов, қалалық Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин қатысты. Мұғалімдер мен балаларды Білім күнімен құттықтаған Үкімет басшысы жаңа оқу ордасына «Қоғамдық маңызы бар бастама­ларды дамыту қоры» атынан – заманауи компьютерлермен жабдықталған 3D интерактивті технологиямен қоршаған ортаны таныту кабинеті, сондай-­ақ «Сарыарқа автопром» ірі отандық автомобиль жасау зауыты атынан оқушыларды тасымалдау бойынша әлемдік стандартқа сай әзірленген автобус сыйға тартылғанын мәлім етті. Сонымен бірге Әлия Назарбаева басқаратын қор мектепке «Виртуалды ғылыми зертхана» кабинетін құрал-жабдықтарымен сыйға тартты.


Бұдан соң Инновациялық интеллектуалды технологиялар академиясының бас директоры Нұралы Құдайбергенұлы қонақтарға мектепте абайтану пәні оқытылатынын және оның ерекшеліктерін айтып берді.
– Біз абайтану атты бірегей кешен әзірледік. Ол заманның талаптарына толығымен сай келеді. Яғни компьютерлердің, интерактивті тақтаның көмегімен балалар Абай мұрасын терең зерттей алады. Сол жерде хакімнің барлық шығармалары, өлеңдері электронды түрде қолжетімді болады. Мысалы, балалар күрделі сөздердің мәнін сол жерден бірден таба алады. Сонымен қатар, оқушыларға өлеңдерді жатқа оқуға, әр мәтінді ажыратуға үйретеді, – деді ол.
Сондай-ақ академия басшысы мұндай сыныптар еліміздің барлық мектептерінде енгізілетініне сенім білдірді.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button