Жаңалықтар

Абаттандыру жұмысы қарқын алды



Елорда аудандарында абаттандыру жұмыс­тары жүйелі жүргізіле бастады.

Сарыарқа ауданында мердігер ұйымдар Бейбітшілік көшесіндегі қоршауларды бояса, футболшылар сквері мен Есіл өзенінің жағалауындағы көгалдар ретке келтірілді. Аудан аумағында күнделікті санитарлық тазалау жұмыстарын 20 мердігер ұйым тұрақты жүргізіп отыр.
Байқоңыр ауданында барлығы 812 788 метр газон бар. Оларды ретке келтіру жұмысымен 30 жол жұмысшысы, 5 мотокос және 15 көгал шапқыш жұмылдырылған. Бүгінде аудандағы Кенесары, Ш.Уәлиханов, А.Пушкин, Ә.Сембинов көшелерінде шөп шабу және көгалдарды абаттандыру жұмыстары қауырт жүргізіліп жатыр. Өйткені бұл аумақтарда артық көгал шөбі көбейіп кеткен еді.
Алматы ауданы аумағындағы «Президент» саябағының фонтан кешенін тазалау жұмыстарын тұрақты жүргізіледі. Қазіргі уақытта саябақты қайта жаңарту жобасы әзірленіп жатыр. Онда фонтандық кешеннің циркуляциясы мен сүзу жүйесін жаңарту қарастырылған.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button