Елорда тынысы

Алаш рухы және қазақ тілі



«Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі елорда символы «Астана – Бәйтерек» монументінде «Алаш рухы және қазақ тілі» атты тарихи-танымдық іс-шарасын өткізді. 

Алаш арыстарының суреттері мен қанатты сөздерінен фотогалерея ұйымдастырылды. Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тіл саясатын үйлестіру бөлімінің бас маманы Гауһар Арыстанқызы ел ішінде аталып жатқан Алаш қайраткерлерінің мерейтойлары мен тіліміздің қоғамдағы орны жайлы пікірін айтты. «Руханият» мекемесінің басшысы Әділ Орынбасарұлы мен «Астана – Бәйтерек» монументі мекемесінің басшысы Нұржұма Жұмабекұлы сөз сөйлеп, Алаш арыстарының тіліміздің өркендеуіне зор үлес қосқандығын атап өтті. «Руханият» мекемесінің қызметкері, ақын Серік Рысбекұлы «Арыстар – елдің ардағы» атты рухты өлеңін оқыды. «Руханият» мекемесінің тілдерді оқыту және әдістемелік жұмыстар бөлімінің ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты Жұпар Кенжетайқызы Алаш арыстарының тіл жөнінде айтқан құнды ойлары мен нақыл сөздеріне, елге есімдері мәшһүр тұлғалардың еңбектеріне ғылыми негізде шолу жасап, арыстар туралы тың деректерді әңгімелеп берді.

«Руханият» мекемесінің қыз­меткерлері Айжан Серікқызы ақиық ақын Мағжан Жұмабайдың шығармашылығына тоқталып, ақынның «Қазақ тілі» өлеңін, Азамат Назарбайұлы көрнекті жазушы, ақын Жүсіпбек Аймауытұлының «Алаш маршы» өлеңдерін оқыды. Әділ Орынбасарұлы тарихи-танымдық кешті қорытындылап, «Астана – Бәйтерек» монументінің басшысы Нұржұма Жұмабекұлына алғыс хат табыстады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button