Елорда тынысы

Кең мүмкіндіктер әлемі

Елорда Паралимпиадалық жаттығу орталығында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қаржылық қолдауымен ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың ата-аналарына арналған жарыс республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен өтті.

Балалармен бірге бір қатарда тұрып түрлі эстафеталық ойындарды ойнау – орталықтың «Кең мүмкіндіктер әлемі» бағдарламасының ұтқыр бастамасы болды. Ерекше балалар мен олардың ата-аналары қоғамның ашықтығына көз жеткізіп, өздерінің жалғыз еместігін сезінетіндей маңыз­ды спорт мерекесі болды. Көңілді жарыстың алдында сөз алған «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Әдиева, компанияның осы бағытта атқарып жатқан жобалары туралы айтып, жарыстың әлеуметтік маңызына тоқталды.

Бүгінде 250-ге жуық ерекше балалар Паралимпиадалық жаттығу орталығында түрлі спорт түрлерімен айналысып, жаттығуларға қатысады. Олардың ортаға бейімделіп, денесін шынықтырып, күнделікті  өмірін шуақты етуге мұнда барлық жағдай жасалған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button