Жаңалықтар

Әлем астаналары – БУЭНОС-АЙРЕС



Аргентинаның оңтүстігіндегі Корфо көлі қызғылт түске енді. Оған себеп балық кәсіп­орындарының қоқыс қалдығын көлге тастауынан болып отыр. Белсенділердің айтуынша, билік кәсіпкерлерге көлге құятын Чубут өзеніне өндірістік қалдықтарды тастауға рұқсат бергеннен кейін судың түсі өзгерген. Сарапшылар қызғылт түс бактерияға қарсы қолданылатын натрий сульфитінің консервантына байланысты екенін айтады. Ал ел билігі мұның еш қауіпсіз екендігіне сендіріп, жақын арада судың түсі қалпына келетінін хабарлады.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button