Жаңалықтар

Әлем астаналары – Лондон



Лондонда дүкендер мен дәріханаларға қоймадан азық-түлік және дәрі-дәрмек жеткізу үшін әскерилер жұмылдырылды. Өйткені елде жүк тасушы көлік жүргізушілерінің тапшылығы байқалып отыр. Маусым айында автокөлікпен жүк тасымалдаушылар қауымдастығы 100 мың жүргізушінің жетіспейтіндігін хабарлаған. Өз кезегінде бұл жағдай азық-түлік, бірінші кезекте сұранысқа ие тауарларды жеткізуде қиындық тудырған. Саладағы маман тапшылығы патшалықтың Еуро Одақтан шығуымен байланысты. Осы кезде көптеген жүргізушілер Ұлыбританиядан көшіп кетті.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button