Жаңалықтар

Әлем астаналары – Ұланбатыр

Моңғолияда 12-ден 17 жасқа дейінгі балалардың 74,8%-ы вакцина алды. Моңғолия Үкіметі 1 қыркүйекте жаңа оқу жылын бастау туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты Ұланбатырдың медицина қызметкерлері мектептер мен балабақшаларда ашылған вакциналау мен тестілеу пунктілерін басқа жерге ауыстыру жөнінде шұғыл жиналыс өткізді. Оқытуды сыныпта және қашықтан ұйымдастыру үшін елдің балабақшалары мен мектептерін тазарту және дезинфекциялау жүргізіледі. Қазіргі кезде мұғалімдер мен білім беру мекемелері қызметкерлерінің 90 пайызы коронавирус вакцинасын алған. 2 тамыздағы жағдай бойынша, 12-ден 17 жасқа дейінгі балардың 74,8%-ы вакцина алған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button