Жаңалықтар

Әлем таныған Әуезов



Жақында Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Президенттіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын негізге ала отырып, Мұхтар Әуезовтің өмір жолы мен жазушылық қызметі, және оның ел келешегі, ұлт руханиятына сіңірген еңбегі мен шығармашылығын жалпы жұртқа насихаттау барысында «Әлем  таныған Әуезов» тақырыбында Әуезов оқуларын кең көлемде өткізе бастады.

Іс-шара Астана қаласында түрлі мекеме қабырғасында арнайы ұйымдастырылды.  Атап айтар болсақ, қаламыздағы бірнеше мектеп пен  С.Сейфуллин мұражайында,  «Айбын» Президенттік полкінің сарбаздары арасында және қалалық Ішкі істер басқармасының жас ұландары мен сарбаздары алдында өтті. Мұндағы мақсат –  рухани бай дүниемізді жастарға жаңаша бағытта насихаттап, олардың руханиятқа деген ішкі дүниесін ояту еді.

Әуезов оқулары шарасы барысында «Бала Мұхтардан дана Мұхтарға дейін», «Әуезовтің әдеби мұрасының тарихта алар орны», «Ұлы суреткер», «М.Әуезов – әлем әдебиеті мойындаған тұлға», «Ұлы адамдардың естеліктері, Әуезовті тану», төңірегінде,  өзге де еркін тақырыпта  баяндамалар жасалады.

Соңында көпшіліктің назарына «Әлем  таныған Әуезов» атты шағын бейнефильм ұсынылды.  




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button