Әлеумет

Алло, «Астана ақшамы»!



Мерей АРДАҚ, қала тұрғыны:
– Еңбек дауын сотқа жеткізбей шешуге бола ма? Жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында түсінбеушіліктер болса, қайда баруға болады?

Бұл сауалға Астана қалалық орта сапасы және бақылау бас­қармасына қарасты «Медиация дамыту орталығының» қызметкері Мира Молдағалиева жауап берді:
– Жасыратыны жоқ, бізге, негізінен, жалақысын төлемегені себепті шағымданатын тұрғындар көп. Арыздарына құлақ ассақ, бірнеше ай тегіннен тегін жұмыс істеп жүргендерін естіп жатамыз. Сол сияқты жекеменшік мекемелер жұмыстан шығатын кезде төленуі тиіс ақшаларынан еш
себепсіз айырып жатады. Мәселен, соңғы үш аптаның ішінде 130-ға жуық азамат осыған ұқсас арызын айтты. Кейде тіпті күніне 60-70 адам келіп жатады. Дегенмен бір қуантарлығы, орталығымызға арызданып келгендердің ісін қолға алғанда сотқа жетпей шешіліп жатады.
Арызы барлар мына мекенжайға келіп, жолығуға болады: Астана қаласы, Достық көшесі, 13, «Нұрсая-2» ТК, 222/1 кабинет. Байланыс нөміріміз: +7-701-196-60-51,
+7-771-996-09-27, +7-707-196-60-55.

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button