Жаңалықтар

АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙДЫ АЗАЙТАДЫ



mashina-3-asli

Елордада тұрғындар үшін маңызды міндет­терді қамтитын «20 нақты бастама» қолға алынды. Соның 16-қадамы «Жол апаты кезіндегі кісі өлімін 30 пайызға, апаттық жағдайды 40 пайызға төмендетуді көздейді. Ол бойынша жол қозғалысы сызбасын өз­герту, айыппұл жүйесін оңтайландыру, жеке авто­­көлікті пайдалану қарқынын және апатты жағдай тудыратын орындардың жылдам­дық қозғалысын төмендету қарастырылған.

Естеріңізде болса, Астана агломера­ция­сының ор­нықты дамуы жөніндегі кеңес отырысында 15 жоба таныс­тырылған болатын. Соның бірі – «Қауіпсіз көлік»  жо­басы. «Жалпы жол» қа­уіпсіз жол қозғалысы қа­уым­­­дастығы ұсынған жоба билік­­тің назарын аудара отырып, жолдағы қауіпсіздікті арт­тыруды көздейді.
Айта кетейік, Арсен Шакуов басқаратын ұйым 2013 жылы құрылған. Содан бері еліміздің әрбір өңірінде өтетін жол қоз­­ғалысына қатысты барлық мәселелердің бел ортасынан табылып жүр.

Safety Car Astana

Бұл арнаулы автокөлік жол қозғалысы қауіп­сіздігін мониторинг жүргізу арқылы қадағалайды, жолдағы құқық­бұзушылықты анықтап, қала ішіндегі қауіпті көше­лерге талдау жүргізеді. Бағдарлама аясында көлік жүргізу­ші­лерінің мәдениетін көтеруге назар аударылып отыр. Арсен Шакуовтың айтуынша, қауіпсіз және тұрақты көлік инфрақұрылымын дамытуда әрі экологиялық ахуалды жақсартуда әрбір тұрғынның қоғамдық көліктерді пайда­ланғаны тиімді.

b739088e05754885241b532208d6e7de-3-asliАрсен Шакуов, «Қауіпсіз көлік» жобасының жетекшісі: – Біз ұсынған жоба Астана қаласы бойынша жол қозғалысы мәселелерін зерттеуге мүмкіндік береді. Онда барлық бағыт бо­йынша жол-көлік ережесін ба­қылау қолға алынады. Біздің мақ­сат – жол-көлік қозғалысы ережесінің бұзылуын анықтау және осы мәселені түбегейлі ше­шудің жолын қарастыру бо­йынша қала әкімдігіне ұсы­ныс­тар беру.

zhol-2-asli

Қараңғыда көрін!

Соңғы уақытта балалардың қа­тысуымен болатын жол-көлік апат­тары жиі тіркеледі. Ресми деректер жол-көлік оқиғасы кезінде көбінде зардап шегетін жас балалар екенін айтады. Бұл жоба аясында осы мәселелерді шешудің жолдары қарастырылған. Мәселен,
«Мектепке қарай қауіпсіз жол» және «Үйге қарай қауіпсіз жол» деп аталатын жобаларда балалардың үйден мектепке, мектептен үйге қайтуы кезінде олардың қауіпсіздігіне тіке­лей көңіл бөлінбек. Ол бойынша әрбір мектептің Қауіпсіздік пас­порты жасақталады.
Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жо­лындағы қауіпсіздікті ше­шу­дің бір жолы – балаларды жарығы бар бі­лезікпен қамта­масыз ету. Бар­лық қаржылық институттарды, сақтандырушы компаниялар мен басқа да ұйым­дарды осы әлеуметтік жобаға тарта отырып, жарығы бар бі­лезіктерді Астана қаласы­ның оқу­шы­ларына тегін таратуды ұйым­дастыру қолға алынбақ.

erm_4086-3-asli

Educations Pack

Бұл – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған жоба.
«Жол қозғалысы ереже­лерін үйрету мен оқытудың жаңа әдіс­темесін қамтиды. Көлік қауіп­сіздігін тұрақты дамыту – салауатты өмір сал­тының кепілі. Осы орайда «Kiss and Go» жобасы да қолға алынбақ. Оқушыларды ав­то­бусқа отыр­ғызу және түсіру кезіндегі қа­уіпсіздікке назар аударамыз» дейді Арсен Шакуов.
Сонымен қатар, елордалық полицейлермен тікелей қарымқатынас жолға қойы­лып, олардың қатысуымен сауат­тылықты арттыратын семинарлар ұйымдастыру, апат ке­зінде алғашқы көмек көрсету жолдарын меңгерту жүзеге асатын болады.
Сайып келгенде, мұның бәрі Астана стратегиясымен үндеседі. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі – биліктің назарында. Ендеше, осындай әлеуметтік жобалардың жүзеге асуы нәтижесін береді дейді сала мамандары.

Гүлмира  Аймағанбет




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button