Жаңалықтар

АПТАДАҒЫ АУЫС-ТҮЙІС



Осы аптада билікте бірқатар тағайындаулар болды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Төлеген Мұхаметжановтың өкілеттігі тоқтатылды. Ол «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры қызметіне тағайындалды. Ал Серік Нөгербекұлы Нөгербеков пен Владимир Яковлевич Бобров Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттары болды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Дәулет Еділұлы Ерғожин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button