Жаңалықтар

АПТАНЫҢ АТАУЛЫ КҮНДЕРІ



29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. 1991 жылы Елбасының шешімімен тура осы күні Семей ядролық полигоны жабылған болатын. Сондықтан Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысымен мұндай күн 2009 жылдың желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 64 сессиясында қабылданған. Осы күні әлемнің барлық астаналарында ядролық сынақтардың құрбандарын еске алу үшін сағат 11.05-те бір минут үнсіздік жарияланады. Осыған орай, 28 тамызда ОКҚ осы тақырыпқа арналған баспасөз мәслихатын ұйымдастырады.
Сондай-ақ, бұл күн – ел мұнайшыларының кәсіби мерекесі. Бұған байланысты Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалиннің және «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың қатысуымен салтанатты жиналыс өтеді.
30 тамыз – еліміздің бас құжатының мерекесі – Конституция күні. Биыл оның қабылданғанына 18 жыл толып отыр. Мереке лайықты түрде атап өтілмек.
Сондай-ақ, 29-30 тамыз күндері ҚР Консти­ту­ция­сы­ның күніне орай Астанада БҰҰ, Еуропа Кеңесі, Еуропа Одағы, ЕҚЫҰ, Венециан комиссиясы және әлемнің 19 мемлекетінен келетін қонақтардың қатысуымен «Конституция – мемлекет пен қоғам дамуының негізгі стратегиясы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Еркежан СӘТІМБЕК


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button