Жаңалықтар

АЛҒАШҚЫ ОНДЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

ЭКСПО-2017 көрме-кешені мен оның нышанының эскиз-идея­лары байқауының топ жарған алғашқы ондығы анықталды. 

Олар: Miguel Saraiva & Associados, UNStudio, Isozaki, Aoki & Associates Co., Ltd., Manfredi Nicoletti, Vasconi Associates, Uberbau Saad & Stellmach Gbr, Officio Architettura Di Bertolini, Prodi Ec. Architetti Associati, GMP International Gmbh, Adrian Smith + Gordon Gill Architects және «KAZGOR» жобалау академиясы. Байқауға қатысушы жобаларды арнайы техникалық кеңестің құрамы саралады. Естеріңізге сала кетелік, АҚШ-тың экономикалық үрдістерді зерттеу қорының президенті, экономист Джереми Рифкин жетекшілік ететін техникалық кеңес құрамында еліміздің құрметті сәулетшісі Сағындық Жанболатов және балама энергиясы саласының мамандары – Эйке Вебер, Марсель Волькертс, Нуно Делгадо, Томас Кервин бар.
Халықаралық сәулет байқауына 20 елден жүзге тарта өтінім түсіп, оның ішінде елу жоба сайысқа түсті.
ЭКСПО-2017 көрме-кешені мен нышанының үздік эскиз-идеясының авторы 150 мың доллар көлеміндегі жүлдеге ие болады.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button