Саясат

Ақжолдықтар акция жариялады



«Ақ жол» демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы Дүниежүзілік еріктілер күніне орай «Мен еріктімін» атты шара жариялады.

«Ақ жол-жастар» жастар қанатының еріктілері бұған дейін жалғызбасты қарияларға қамқорлық көрсетіп, мүмкіндігі шектеу­лі жандарға көмек қолын созып келген. Осы шаралардың барысын маңғыстаулық еріктілер әлеуметтік желілерде жариялаған бейнероликте көрсетті. «Біз қоғамдық қызметпен ерікті және өтеусіз негізде айналысамыз. Айналадағылардың проблемаларына бей-жай қарамайтын кез келген азамат ерікті бола алады және осы әрекетімен қоғамға пайда әкеледі. Маңғыстау филиалында волонтерлік қызмет жүйелі деңгейге қойылған» деп атап өтті «Ақ жол» партиясы жастар қанатының жетекшісі Ғазиза Тәжібаева.
Еріктілер көмекке келуге әрқашан дайын екендіктерін және эстафетаны партияның басқа филиалдарына жолдайтындарын мәлімдеді.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button