Жаңалықтар

АРДАГЕРГЕ АЛҒЫС АЙТТЫ



erm_8626-asli

Кеше алғыс күнін атап өттік. Көктемнің жаршысындай  болған бұл атаулы күнде Са­рыарқа ауданының әкімдігі бір топ қа­риялардың басын қосып, алғыстарын жаудырды. Солардың ішінде сексеннің сең­гіріне шыққан ау­данның ардагер тұр­ғыны Ұзақбай Маминге ерекше құрмет көрсетілді.

Мерекелік жиынға ауданның құрметті қариялары, ардагерлер ұйымының мүшелері, аудан әкімдігінің қызметкерлері қатысты. Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек сөз бас­тап, қоғам қайраткері Ұзақбай Маминнің талай жылғы еңбек жолынан қысқаша хабар беріп, мерейтойымен құттықтады. Қарияға құрмет көрсетіп, үлкен көлемдегі портретін сыйға тартты.
– Бүгін – көктемнің бірінші күні. Осы күн мен үшін ерекше басталды. Сексен жасқа толуымды ескерусіз қалдырмаған Сарыарқа ауданының әкімдігіне ризашылығымды білдіремін.
Бұл жасқа келгенше талай жерде қызмет етіп, қаланың дамуына азды-көпті еңбегіміз сіңді. Өзім еңбекке ерте аралас-тым. Құрылысшы да болдым. Осы қалада 1963 жылдан бастап өмір сүріп келемін. Астанада шаңырақ көтердім, балалы-шағалы, үбірлі-шүбірлі болдым. Қазір әулетіме ғана емес, осы ауданға да қадірім барына қуаныштымын, – деп Ұзақбай ақсақал ағынан жарылды.
Басқосуда құрметті қариялар жеке-жеке сөз алып, Ұзақбай Маминнің Астананың қалып­тасуына сіңірген еңбегі жөнін­де баяндап, туған күнімен құт­тықтады.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button