ӘлеуметЖаңалықтар

«ӘРКІМНІҢ ДАУЫСЫ МАҢЫЗДЫ!»



34_2014-2

«Астана-өнім» акционерлік қоғамы – «Әркімнің дауысы маңызды!» атты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған акцияны алғашқылардың бірі болып қолдады.

«Акцияға қатысу – әрқай­сы­мыздың азаматтық міндетіміз. Бұл шараны қолдау арқылы біз елдің дамуына өз үлесімізді қосамыз. Барлық отандастарымызды, өзіміз сияқты кәсіпкерлерді еліміздің өміріндегі ең маңызды шараға белсенді қатысуға шақырамын» деді «Астана-өнім» компаниясының бас директоры Ғалымжан Әбдіхалықов.

1998 жылы құрылған «Астана өнім» брендімен  сүт өнімдерін өнді­ретін аттас компания – қаладағы белді шаруашылықтардың бірі. Кәсіпорын қымыз, шұбат, айран, құрт, май, ірімшік, қаймақ тәрізді ағарғанның 20-дан астам түрін шы­ғарады. Оның өнімдерін қаланың 150-ден астам мекемелері  пайдаланады екен. Енді тұтынушыларға жақсы таныс «Астана-өнім» сүт тағамдары  «Әркімнің дауысы маңызды!» деген стикер жапсырылған күйінде қала дүкендеріне түсетін болады. Акцияның мақсаты да өзіміздің өнім арқылы астаналықтарды  алдағы Қазақстан Республикасы   президентін сайлауға қатысуға үндеп, қоғам алдындағы азаматтық парызын атқаруға шақырады.

Акцияны қолдау шарасы аясында журналистер «Астана-өнім» АҚ ғимаратына апарып, өнім дайындау үдерісі мен «Әркімнің дауысы маңызды!» стикері басылған отандық өнім түрлерімен танысты.

Айгүл УАЙСОВА




Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button