ӘлеуметЖаңалықтар

МҮГЕДЕКТЕРГЕ БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК

551a312620b3b1427779878

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтті.

Мүгедектерді жұмыспен қамтудың белсенді шарасында әдеттегі дәстүр бойынша, әлеуметтік қорғау мәселелері,  сонымен қатар еңбек нары­ғындағы ахуал туралы ақпараттар берілді.

«Біз осымен үшінші жыл қатарынан мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізудеміз. Бір қуанарлығы, бұл игі іске ме­кеме мен кәсіпорындардың қы­зығушылығы күннен-күнге артып келеді. Мәселен, мына шараға 30 жұмыс беруші қатысуда», – деді Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар.

Оның айтуынша, мұндай жәрмеңкелер мүмкіншілігі шек­теулі адамдарға бір мезетте бір­неше жұмыс беруші ұйыммен байланысуға мүмкіндік береді. Ал жұмыс ұсынып отырған­дардың басым  бөлігі – шағын және орта бизнес саласының ұйымдары. Олар өздеріне қажетті әлеу­меттік қызметкер, есепші, бағдар­ламашы, күзетші, тігінші, әкімгер, сауда және қызмет көрсету, полиграфия мамандарын жәрмеңкеге келушілердің қатарынан тапты. Жұмыс іздеу­шілердің 60 пайызы – әйелдер. Өткен жылы біз осындай жолмен шамамен 90 адамды жұмысқа орналастырдық. Бір жақсысы, жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілер жәрмеңкесі арқылы еңбекпен қамтылған жандарды үнемі назарда ұстап отырады. Халықтың нысаналы топтағы тұлғалары Жұмыспен қамту орталығының мамандарынан «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шең­берінде өздерін қызық­тырған сұрақтардың жауабын алды. Сонымен қатар, осы шара барысында «Қасиет» пси­хо­логия орталығы мүге­дек­­терге «Өзін-өзі дамыту» тақы­ры­бында семинар-тренинг өткізді.

Айгүл УАЙСОВА

 

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button