Арнайы бөлімге – 15 жыл
Астана қаласының ІІД «Арлан» арнайы бөлімінің құрылғанына 15 жыл толды.
Осы жылдарда арнайы бөлімше қызметкерлері талай күрделі тапсырмаларды орындады. Атап айтқанда, есірткі тасымалдаушылар мен қауіпті қылмыскерлерді ұстады, кепілдікке алынған адамдарды босатты, қару жарақтарды, есірткі заттарын, көп мөлшерде оқ-дәрілерді қолға түсірді. Осы жылдарда бөлімше бірнеше қызметкерін де жоғалтты. Сонымен қатар, арнайы «Арлан» жасағы Мемлекет басшысы мен
елордаға келген ресми тұлғалардың да қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
«Арлан» бөлімшесі сарбаздарын қалалық полиция бастығы Амантай Әубәкіров құттықтап, олардың кез келген тапсырмаға сақадай сай тұратынын атап көрсетті. Бұған 15 жыл бойы арнайы бөлімше қызметкерлерінің гарнизондық, қалалық, республикалық біріншіліктер мен ҚР ІІМ чемпионаттарында жүлделерге ие болғандықтары дәлел.
Мереке құрметіне «Арланның» айрықша көзге түскен қызметкерлері ІІМ мен Астана қаласы ІІД бастығының бұйрығымен марапатталды.
Саян Есжан,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті