Елорда тынысы

Арнайы мектептерді аралады



Астана қаласы мәслихатының депутаттары қаладағы үш арнайы мектепті аралап, жұмысымен танысты, проблемаларын анықтады.

Қалалық мәслихат төрағасы ­Ерлан Каналимовтың мәліметінше, бұл мектептер 1219 баланы қамтыды. №2 және 3 арнайы мектептер 1971 және 1963 жылдары салынған бейімделген ғимараттарда орналасқан.

«Ғимараттар тозған, санитарлық нормаларға да сәйкес келмейді. Жүріп-тұруы қиын білім алушыларға тиісті жағдай жасалмаған. Атап айтқанда,  Лифт қондырғылары жоқ, көтергішті орнату мүмкін емес, арбаларға арналған есіктерді кеңейту керек, санитарлық тораптарды, гардеробтарды жабдықтау қажет. Осы және басқа да проблемаларды тұрақты комиссияның отырыстарында қарастырамыз» деді Ерлан Каналимов.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button