Жаңалықтар

АССАМБЛЕЯ САЙЛАУЫ



Наурыздың 21-і күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс ХХІІІ сессиясы өз жұмысын бастайды. Күн тәртібінде – Ассамблея сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлау.

Жиынға республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдері қатысады.

Сағат 7.00-де Астана қалалық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған пунктті ашады. Конституциялық заңға сәйкес, Ассамблея мүше­лерінің Парламент Мәжілісіне ҚХА Кеңесі ұсынған Ассамблея сайлайтын депутаттарға кандидаттар үшін дауыс беруі жүзеге асырылады. Қалалық сайлау комиссиясы дауыс берудің нәтижелерін жария еткеннен кейін сессия жабылады.

Материалды “Астана ақшамы” газетінің astana-akshamy.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button