Мәдениет

ТОҒЫЗ АЙЫП ДЕГЕН НЕ?

Жуырда газетімізде осыдан 130 жыл бұрын Семей өңірінде дүниеге келіп, қазақ арасына тараған алғашқы жазба заңдарының бірі  Қарамола ережесі туралы мақала жарық көрді. Сонда ұлы Абайдың қаламынан туып, данышпанымыздың қайраткерлік болмысын танытатын бұл заңның жекелеген баптарына тоқталғанбыз. 

Ереженің 56-бабында тоғыз деген айыптың малға шаққандағы санына анықтама берілген. Бас тоғызға түйе бастатқан екі құлын, екі бие, екі құнан және екі тай кіреді. Орта тоғызға жуан ат, екі тай, екі тайынша, төрт бойдақ қой жатқызылған. Ал, аяқ тоғызға дөнен өгіз, екі тайынша, үш бой­дақ қой, үш тоқты кірген.

Сондай-ақ, мал басына айырбасқа жүретін түліктер саны 57-бапта көрсетілген. Мәселен, маңдай түйенің орнына үш ат пен отыз қойды берген. Сол сияқты орта түйенің құнына үш бесті жүрген. Әрі қарай былайша тарқатылады: дөнен атан – екі бесті, бір тай; құнан атан – екі бесті; тайлақ – құлынды бие мен он екі қойлық; бота – бір бесті; бәйге ат – орта бір түйеден бес түйеге дейін; жорға ат – құлынды биеден төрт түйеге дейін; жақсы ат – құлынды биеден бір түйеге дейін; айғыр – құлынды биеден екі бестіге дейін; құлынды бие – он қой; құлынсыз бие – он тоқты; ат – тоғыз қой; бесті – жетіден сегіз қойға дейін; дөнен – бес қойдан алты қойға дейін; құнан – төрт қойдан бес қойға дейін; тай – үш қойдан төрт қойға дейін; құлын – екі қойға дейін; атан өгіз – он екі қой; бесті һәм дөнен өгіз – төрт қойдан сегіз қойға дейін; тайынша – екі қой.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Материалды “Астана ақшамы” газетінің astana-akshamy.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button